Жол және жолаушы

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бақылау жасау жол полициясына жүктелгенімен, жолда жүру көбінесе жүргізушілердің өздеріне байланысты.Сәтбаев қаласы ішкі істер бөлімі жол полициясының бөлімшесі жүргізушілер арасында жол қауіпсіздігіне байланысты түсіндірме жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп тұрады. Біздің инспекторлар жол ережесін бұзған жағдайда қандай шаралар қолданылатынына дейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізіп-ақ жатыр. Сонда да болса алдын алу жұмыстарының жүргізілгеніне қарамастан, қаламызда жол-көлік оқиғасы (ЖКО) кездесіп қалады.

Жыл басынан бері Сәтбаев қаласы аумағында 23 жол-көлік оқиғасы тіркелген, оның ішінде қаза тапқандар саны 7 (2009 жылы – 9), жарақат алушылар – 22№ Биыл жол-көлік оқиғасы 32,4 %, қаза табушылар 22,2 %, ал жарақат алушылар саны 29,0 % төмендеген.

2010 жылғы қарашаның 29-нан желтоқсанның 5-і аралығындажол полициясы қызметкерлерімен 101 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде ҚР ӘҚБК-нің 462 бабымен (жылдамдықты асыру) 22 хаттама; 470 бабымен (құжатсыз) – 12; 463-1 бабымен (қауіпсіздік белдігін тақпау) – 15; 463-2 бабымен (бұоылу тәртібін бұзу) – 7; 463-6 бабымен (бағдаршамның қызыл түсіне өту) –3; 467-1 бабымен (автокөлікті мас күйінде жүргізу) – 3, басқа да баптар бойынша 3 хаттама толтырылды.

Осы мерзім ішінде 13 жеке тұлға әкімшілік жазаға тартылды.

Н.М. атты азамат 4 жылғы автокөлік жүргізуші куәлігінен айырылды.

П.П. және Ю.К. деген азаматтар қамауға алынды.

Айта берсек мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Біздің ескертерміз – жүргізушілер өз өміріне қауіп төндіретінін сезіне бермейді. Соның салдарынан талайдың рөлге мас немесе шаршаңқы күйде отырып, жол үстінде қалғып кету сияқты жайттар қаншама адамның өмірін қиды. Адамның денсаулығы қаншалықты өзінің қолында болса, өмірі де соншалықты өз қолында десек артық айтпағанымыз болар.

Н.М.Жеңсікбаев,

Сәтбаев қаласы ІІБ жол полициясы.

Комментарии закрыты.