Қаржы тұрақтылығы – өмір тұрақтылығы

Сәтбаев қалалық қазынашылық басқармасында 2010 жылы Елбасының жыл сайынғы Жолдауын және «Қазақстан-2030» Стратегиясын насихаттау мақсатында отырыс өткізілді. Отырыста операциялық топтың бас қазынашысы Г.Әбдікәрімова «Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің деңгейі» тақырыбында баяндама жасады.Баяндамашы «Қазақстан-2030» стратегиясында аталған бағыттарға тоқталып, оның ішінде қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі туралы айтып өтті. Сонымен қатар, баяндамада «Елбасының Жолдауында және «Қазақстан-2030 Стратегиясында» белгіленген міндеттерді орындай отырып, әлемді таң қалдырған үлкен жетістіктерге жетті. Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысы экономиканың өсу қарқынына ықпал етті, бірақ, біздің дамуымызды тоқтатқан жоқ» деп көрсетілді. Жинақталған экономикалық әлеует соңғы үш жылдың қиындықтарына төтеп беріп, тұрлаулылықты қамтамасыз етті. Біздің еліміз қаржы жүйесін қорғап, жүйе құрушы банктерді сақтап қалды. Қазақстан жинақталған Қор қаржысының арқасында дағдарыстан шықты. Таяудағы онжылдықта да тұрақты да теңдестірілген даму экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен қамтамасыз етілетін болады деп қорытындылады сөзі баяндамашы.

Отырысқа қатысушылар тарапынан тақырыпқа сай сұрақтар қойылып, қанағаттанарлық жауап берілді.

М.Смағұл.

Комментарии закрыты.