Қала әкімінің есебі қарсаңында

Жұмыссыздармен жұмыс жалғасады Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өткен 2009 жылы 5327 адам хабарласты, оның 3857-і тұрақты жұмысқа орналасу мәселесі бойынша келгендер. Әкімдікте халықты жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау мақсатында әр аптаның сәрсенбісінде әкімнің орынбасары М.С.Мәдиеваның төрағалығымен Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 147 бабының (бос жұмыс орындары жөніндегі мәліметті жұмыспен қамту мекемесіне ұсыну) орындалысы мен жаңа жұмыс орындарын құру жөнінде жұмыс берушілермен кездесулер ұйымдастырылады. Дағдарысқа қарсы іс-шаралар аясында әр айдың соңғы сенбісінде Ш.Ділдебаев атындағы ғимаратта кезекті бос жұмыс және қызмет орындары жәрмеңкесі өткізілді. «Жол картасы» төңірегінде жұмыспен қамту бағдарламасы ауқымын кеңейтуге, бастапқыда «Республика бюджетінің арнайы ағымды трансферт есебінен әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейту және жастар практикасын ұйымдастыруға» 110 адамға жұмыс орындарын ұйымдастыруға облыстық бюджеттен 9900,0 мың теңге қаржы бөлінді, қосымша осы бағдарламада 85 адамға жұмыс орындарын ұйымдастыруға облыстық бюджеттен 6375,0 мың теңге қаржы бөлінді. Жалпы, ағымдағы жылда 195 адамға жұмыс орындарын ұйымдастыруға 16275,0 мың теңге бөлінді. Осы бағдарламалар төңірегінде жоспарланған 114 әлеуметтік жұмыс орыны құрылып, нысаналы топқа жататын жұмыссыздар есебінен 155 адам жұмысқа жіберілді. Жастар практикасын ұйымдастыруда мекемемен келісім шарттар жасалынып, жоспарланған 115 жұмыссыз жоғары және орта кәсіби оқу орны түлектері жұмысқа жіберілді. Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша көрсетілген мерзім ішінде 3100 жұмыссызды тұрақты жұмыспен қамту жоспарланған болатын. Жыл басынан жұмыспен қамту қызметінің көмегімен 3802 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Оның 52,9%-ы әйелдер, 42,7%-ы 24 жасқа дейінгі және 53,5%-ы 29 жасқа дейінгі жастар. Жұмыспен қамту қызметіне 16 мен 24 жас аралығында хабарласқан 1627 жастың 1616-ы, 29 жасқа дейінгі 2055 адамның 2034-ы тұрақты жұмыс орындарымен қамтылды. Бағдарлама бойынша кәсіби оқуға 220 адам жіберу қаралса, жыл басынан 371 жұмыссыз кәсіби оқуға жіберілді. «Аспазшы», «В,С дәрежелі автокөлік жүргізуші», 1-С Бухгалтер», «Д дәрежелі автокөлік жүргізуші», «Электр қондырғыларын жөндеу слесарі», «Е дәрежелі автокөлік жүргізуші», «Автокөлік жөндеу слесарі», «Шаштаразшы», «Сатушы-кассир», «Даяшы», «Сылақшы-сыршы» мамандары бос жұмыс орындарының сұранысына және «Жол картасы» бағдарламасына сай «сылақшы-сыршы», «слесарь-сантехник», «ағаш ұстасы», «төбе құюшы», «дәнекерлеуші» қайта даярлау курстарына жіберілді. Оқуды аяқтаған 316 жұмыссыз меңгерген «1-С Бухгалтер», «Аспазшы», «Электр қондырғыларын жөндеу слесарі», «В,С дәрежелі автокөлік жүргізуші», «Д дәрежелі автокөлік жүргізуші», «Е дәрежелі автокөлік жүргізуші», «Автокөлік жөндеу слесарі», «Шаштаразшы» мамандықтары бойынша сұраныстағы бос жұмыс орындарына орналастырылды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға бағдарламадағы іс-шаралар бойынша 740 жұмыссызды қатыстыру жоспарланған. Жыл басынан 1053 жұмыссыз «Қаланы абаттандыру», «Оқу орын түлегі», «Қайырымды медбибі», «Аулалық клуб», «Әлеуметтік қызмет», «Жасыл ел», «Құрылыс бригадалары», «Қиын жасөспірім», «Педагог-репетитор», «Агент», «Курьер» бағдарламаларына сәйкес қоғамдық жұмыстарға тартылды. Өз кәсіби шеберліктерін әр түрлі қоғамдық жұмыстарға қатысып шыңдауының нәтижесінде 996 жұмыссыз тұрақты жұмыспен қамтылды. Жеке ісін ашып, өзін өзі жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында 45 жұмыссызға материалдық көмек көрсетілді, оның 36-сы жергілікті салық комитетіне жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. Сол сияқты нысаналы топтағы жұмыссыздарға арнайы бағытталған 21 әлеуметтік жұмыс орындары құрылды. Онда 20 адам жұмыс істеді. Жалпы жұмыспен қамтылған жұмыссыздардың 833-і нысаналы топтағы жұмыссыздар. Оның 5-і оралмандар, зейнеткерлік жасқа екі жылы жетпейтін 29 адам, ІІІ топ мүгедегі – 25, тәрбиесінде кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар жалғызілікті, көп балалы аналар – 66, 21 жасқа дейінгі жастар – 689, аз қамтылған отбасылары – 50. Бос жұмыс орындар мәліметтер сұранысқа сай келіп түскен мәліметтермен күнделікті жаңарып отырады. Жергілікті «Шарайна» газетіне және «СТА» каналы арқылы хабарландырулар бос жұмыс орындаына, еңбек рыногының сұранысына сай ақысыз кәсіби оқуға шақырулар жиі беріліп тұрады. Бұл жұмыс биылғы жылы да өз жалғасын таппақ. Т.Ғ.Қапарова, «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің бастығы.

Комментарии закрыты.