Бейбітшілік саясаттың салтанаты

Тәуелсіз Қазақстанның жиырма жылға таяу тарихында төрткүл дүниеге мемлекеттілігімізді танытқан талай дүбірлі жиындар өтті. Солардың ішінде Астанада өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Саммитінің шоқтығы биік тұратын болады.Еуразияның жүрегінде, байырғы қазақ жерінде өткен бұл алқалы жиынға жиналған әлемнің мемлекет және үкімет басшыларының бір үстелдің басында жаһандану дәуіріндегі азаматтың дүниежүзілік мәселелерін талқылағанының куәсі болдық.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев, қазақ халқының дана сөзімен айтқанда, «бір жағадан – бас, бір жеңнен — қол» шығарып, бірлікке бастар шешім қабылдауға шақырды, Отанымыздың бейбітшіл саясат ұстанудағы айқын бағыт-бағдарын дәйектеді. Қазақстан басшысы бұрыннан көтеріп келе жатқан ядролық қарудан бас тарту, экология, оның ішінде Арал мен Семейжағдайын жақсарту, діндердің береке-бірлігін сақтау, ЕҚЫҰ – ның рөлін арттыру туралы пікірлері мемлекет басшыларының қолдауына ие болды. Қортындысында Саммиттің Астана Декларациясы қабылданды. Бұл – тәуелсіз мемлекетіміздің тағы бір мәртебелі ісі болды, еліміздің абыройын арттырып, мерейін өсірді. Бұл – жүздеген этностың басын біріктірген қазақ халқының іргелі мемлекет құра алғанын көрсетті.

Қ. Бексейтітова, Сәтбаев қаласын құрметті азаматы.

Комментарии закрыты.