«Болашақ» саны артуда

«Біздің барлық ойларымыз, біліміміз, жарқын істеріміз Отан үшін, Ел үшін, Жер үшін» — деген ұранмен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай С.Сейфуллин атындағы гимназияда «Болашақ» балалар мен жас жеткіншектер ұйымының қатарына қосылу салтанатты жиыны болып өтті. «Болашақ» балалар мен жас жеткіншектер ұйымы Қазақстанның жас патриотты азаматы ретінде Отанды сүюге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, жәрдемдесуге, салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын ұйымының бірі. Гимназия құрамындағы болашақ қатары 55 оқушыға көбейді, енді олар «Болашақ» БЖҰ ұранымен еліміздің елдігі мен бірлігін сақтайтын, халқы алдындағы парызын жауапкершілікпен өтейтін азаматтардың бірі болатынына сенімдіміз. Халқымыздың ғасырлар бойы жинаған рухани мәдениетінің бай мұраларын, Отансүйгіштік тәрбиесін асырады деген ойдамыз.

С. Сейфуллин атындағы гимназия

аға-тәлімгері: Агибаева Қ.М.

Комментарии закрыты.