Жасөспірім және заң. Семинар сабақ

Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық пен қылмыс жасаудың алдын алу бағытындағы шараларды жандандыру – бүгінгі күннің басты талабы.Осы орайда Сәтбаев қалалық соты мектеп директорымен бірлесіп арнайы жұмыс жоспарын бекіткен болатын. Желтоқсанның 8 күні № 15 орта мектептің 8 сынып оқушылары арасында қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қатысуымен «Жасөспірімдерге нашақорлық, алкогольді ішімдіктердің зияны мен зардаптары» атты семинар өткізді. Лекция сабақты Сәтбаев қалалық сотының судьясы Қ.Шайкамалов және қылмыстық істер жөніндегі бас маман А.Жаукенова жүргізді.

— Сараптамаға сүйенсек, орын алатын қылмыстардың көбісі кешкі уақытта жасалатыны белгілі болған. Әсіресе, нашақорлық пен алкогольдік ішімдікпен айналысуға түнгі мезгіл бірден бір себеп. Жасөспірімдердің түнгі уақытта көшеде жүруіне тыйым салу, тәртіп бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тарту, әрине олардың қарсылығын тудыруы мүмкін. Алайда, мұның барлығы – сол жастардың болашағы үшін жасалып отырған игі іс екенін білулері керек, — деді Қ.Шайкамалов өз сөзінде.

Мұндай семинарды өткізудің балалардың бұзылған құқықтарын, заңды мүдделерін қорғауға ықпал етері сөзсіз.

М. Смағұл.

Комментарии закрыты.