«Мұрагерлер» ардагерлерге барды

Жаңа жыл қарсаңында №7 орта мектебінің «Болашақ» ұйымының басқаруымен «Мұрагерлер» тобы қаламыздағы қарт кісілердің үйін аралап, келе жатқан жылымен құттықтап қайтты. Жалпы «Мұрагерлер» тобын құрудағы негізгі мақсат: қарт кісілерге қамқорлық, ізеттілік, кішіпейілділік көрсетіп көмектесіп, қолғабыс тигізу. Осыны негізге ала отырып мектебіміздің 6 «Б» сынып оқушылары қаланың Құрметті азаматы, Ұлы Отан соғысының ардагері Аманжолов Акбар ақсақалдың үйіне барып құттықтап, сый-сияпат көрсетіп келді. Оқушылар ойларындағы сұрақтарын қойып, өздерінің де әкейдің де көңілін бір көтеріп тастады.

Мұрагерлер тобының құрылғанына Акбар ақсақал ризашылығын білдіріп алғыс айтты. Оқушылар да үлкендерге қамқорлық жасағанын дән риза. Осындай мереке қарсаңында барлық ақ жаулықты әжелер мен ақсақалды аталарымызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр телегіміз келеді. Біз әрқашанда сіздермен біргеміз.

А.Ілиясова

Комментарии закрыты.