Жыл аяғындағы отырыс

Қала әкімі С.Т.Медебаевтың төрағалығымен қала әкімдігінің кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібіндегі бірінші талқыға түскен «Айнакөл» су қоймасын қалалық коммуналдық меншікке қабылдау туралы сұраққа байланысты қалалық қаржы бөлімінің бастығы Е.Х.Сакеев баяндады. «2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1994 жылы туған азаматтарды Сәтбаев қаласының шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру» және «Сәтбаев қаласында 2010 жылға арналған сақтандыру бойынша нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыру туралы» мәселелер бойынша әкім аппараты мемлекеттік құқық жұмыстары жөніндегі бөлімнің бастығы Н.Р.Салиховтың мәліметі тыңдалды.Әкімдіктің отырысында «Сәтбаев қалалық «Шарайна» газетінің редакциясы» КМҚК қайта құру, қорғаншы тағайындау, жер телімдеріне уақытша өтеулі жерді пайдалану және жеке меншік құқықтарын беру туралы мәселелер қаралды.

Әкімдік мүшелері талқылаған «2011 жылы Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» сұрақ өзгертулер енгізу үшін қайта қарауға жіберілді.

Барлық қаралған мәселелер бойынша ескертулер мен толықтырулар есепке алынып, тиісті қаулы қабылданды.

Марал Шахаева

Комментарии закрыты.