Елбасының саясатын қолдауымыз керек

Баспасөз беттерінен шығыс қазақстандықтардың еліміздің тұңғыш Президенті өкілдігін ұзарту жөнінде референдум өткізу туралы бастамасымен таныстым.Шын мәнінде, өткен 20 жылда талай қиындықтардан, асулар мен белестерден өттік. Елбасының табандылығы мен ерік-жігерінің, барлық қазақстандықтардың бірлігі мен қажырлы еңбегінің арқасында Қазақстан ТМД елдерінің ішіндегі қарқынды дамыған экономикасы бар, сындарлы да салиқалы сыртқы саясаты бар мемлекетке айналды.

Жақында Астанада өткен ЕҚЫҰ саммитінде 56 ел өкілдері «Қазақстан моделі» жайында сөз қозғап, Елбасының сытқы саясатта ғаламдық қауіпсіздік пен әріптестікті қамтамасыз ету ісіне қосып отырған үлесі жайлы айтты.

Қазақстанда қалыптасқан ұлтаралық бірауыздылық пен бірлік те Ұлт Көшбасшысының кемеңгер саясатының арқасында. Осындай саясаттың келешекте де сақталуы бүкіл қазақстандықтар үшін маңызды. Сондықтан, біздің балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы үшін біз тұңғыш Президентіміз – Нұрсұлтан Назарбаевты жалпыхалықтық референдумда қолдауымыз керек деп ойлаймын.

Ө.Сартов,

еңбек ардагері, «Шындық» қоғамдық бірлестігінің мүшесі.

Комментарии закрыты.