Аналар марапатталды

Ел тәуелсіздігінің жиырма жылдығына орай, өткен жұма күні қалалық әкімдіктің үлкен залында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 21 қыркүйектегі №1062 Жарлығымен сәтбаевтық 50 көп балалы ана «Күміс алқамен» марапатталды.Алты-жеті бала тәрбиелеп, өсірген ақ жаулықты аналарды «Күміс алқамен» марапаттау рәсіміне қала әкімінің орынбасары Александр Ким мен «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жаңбырбай Дәрібаев қатысып, аналарды марапаттады.
Елбасының көп балалы аналарға деген зор құрметі мен ізетіне аналардың атынан «Күміс алқа» иегері, ардақты ана Гүлнәр Дүйсентегі ризашылығын білдіре отырып, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2020 жылға дейін өкілеттігін ұзартуға көп балалы аналар тарапынан қолдау болатынын білдірді.
Ж.Омарова мен Т.Боранов орындаған ана туралы әндер марапаттау рәсімінің сәнін аша түсті.
Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.