Әр түрлі сұрақтар қаралды

Қала әкімдігінің кезекті отырысы өтіп, қаланың әлеуметтік-экономикалық өміріне қатысты 13 сұрақ қаралды. Отырысқа қала әкімі С.Т.Медебаев төрағалық етті.Күн тәртібінің басты деген «Төтенше жағдай салдарын жою туралы» сұрағына орай Сәтбаев қаласы әкім аппаратының жұмылдыру дайындығы, АҚ және ТЖ жөніндегі бас инспекторы Е.Салемов баяндады. Қаңтар айының 10 күні Бабыр би көшесіндегі екі қабатты тұрғын үйде болған өрттің салдарынан сегіз отбасы баспанасыз қалды. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияның қорытындысы бойынша үй пайдалануға жарамсыз деп танылған. Осыған орай қала әкімдігі Сәтбаев қаласының жергілікті атқарушы органының төтенше резерві есебінен өртенген үйді жөндеуден өткізіп, қалпына келтіру үшін қаржы бөлу жөнінде қаулы қабылдады. «Сәтбаев қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы С.Оразбаевқа құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мердігерлік мекемемен келісім-шарт жасау, жөндеу жұмыстарына бақылау жүргізу тапсырылды. Одан әрі 2007 жылғы 5 сәуірдегі  «Жалпы құқықтық оқыту жөніндегі Координациялық кеңесті құру туралы» әкімдіктің қаулысына өзгерістер енгізу, қамқоршы тағайындау, жер телімдеріне жеке меншік құқықтарын беру, 2011 жылға арналған құрылысы аяқталған жеке тұрғын үйлерді қосалқы құрылыстарымен пайдалануға қабылдау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия құру, Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2009 жылдың 17 наурызындағы «Қалалық бюджеттік комиссия туралы» қаулысына өзгерістер енгізу, Сәтбаев қаласы әкімдігінің «Сәтбаев қаласының ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Сәтбаев қалалық ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналды мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы және т.б. мәселелер қаралды. Барлық қаралған сұрақтар бойныша тиісті қаулылар қабылданды. Өзгертулер мен толықтырулар болған жоқ. Майра Смағұлқызы.

Комментарии закрыты.