ЖАСТАР ҚОЛДАЙДЫ

Елбасымыз айтқандай, болашақта ел тізгінін ұстайтын  жастар. Қазақстанның әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті елге айналып, экономикалық жағынан дамуына   үлес қосатын қоғамның негізгі белсенді күші де солар.Өздеріңізге белгілі 2010 жылдың 24 желтоқсаны күні Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылдың 6-шы желтоқсанына дейін ұзарту жөнінде республикалық форум өтті. Осы форумда бүкілхалықтық референдум өткізу жөнінде ұсыныс жасалды. Бүгін барлық еңбек ұжымдарында, қоғамдық ұйымдарда талқыланып, қолдау тауып, мақұлдануда. Одан біздің қаламыздың жастары да тыс қалған жоқ.

Жастар қай заманда болмасын халықтың жігерлі тобы болып келді, әрі қала да бермек. Президентіміздің біздерге жасаған қамқорлығын үнемі сезінудеміз. Елбасы Қазақстанды әлемге танытты. Еуропаның төріне шығып, ЕҚЫҰ-на төрағалық ету тізгіні қолымызға тиді. Тәуелсіздік жылдары Елбасымыздың бастауымен көптеген жетістіктерге жеттік. Нұрсұлтан Әбішұлы қазақ жастарын әлі де үлкен биіктерге жетелей береді. Сондықтан референдум өткізілуі дұрыс деп есептейміз. Елін сүйген Нұрсұлтан Әбішұлын халқымыз әрқашанда жақтай беретініне сенеміз.

«Төбесіз жер, төресіз ел болмайды» дейді халық даналығы. Нұрлы болашаққа жетелеген Елбасымызбен бірге жарқын болашаққа қадам баса берейік. Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жастар Абай елінен бастау алған бастаманы қолдаймыз.

Нұрлыбай Наурызбаев,

«Жас Отан» ЖҚ қалалық филиалының атқарушы хатшысы

Комментарии закрыты.