Ұлылығымызды танытайық

Барыс жылы елімізді бір қадам алға оздырды. Туымыз тіктеле түсті. Бейбіт күндердің шуағын шашқан жылға разымыз. Басымызға-бас қосылды, жасымызға-жас қосылды. Бірлігіміздің арқасында өміріміз жақсылыққа ұласуда. Атам қазақ мұндайда «Алла қолдады» демей ме?Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялағалы бері өзіндік басқару формасын анықтап, алға қарыштап дамып келеді. Сіз боп, біз боп Елбасына қолдау көрсетіп, аталмыш мемлекеттік маңызы бар іс-шараға ат салысуымыз керек. Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтыңпрезиденттік өкілеттігін 2020 жылғы 6 желтоқсанға дейін ұзарту жөніндегі ынталы топтың үндеуіне сәтбаевтықтар да қолдау танытты. Осы орайда Сәтбаев қаласындағы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде өткен кездесуде оқырмандар референдумды қолдайтындарын жеткізді.

Кітапхана директорының орынбасары А.Қойшыбаева, кітапханашылар Б.Аимбетова, Г.Мусинова сөз сөйлеп, арқа төрінен жаңа астанамыздың бой көтеруі, ЕҚЫҰ саммитінің жоғары деңгейде өтуі, 2011 жылғы қысқы Азиада ойындары мен Ислам конференциясына төрағалық етуі, осының барлығы да Елбасының көреген саясаты мен беделінің арқасы екендігін атап өтіп, халықты осы игі істі қолдауға шақырды. Осы мақсатта кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылып, түрлі іс-шаралар өткізілуде.

Ел сенімін, халық үмітін ақтап келе жатқан Елбасымызға қолдау көрсетейік дегім келеді.

Ж.Мизамбаева,

«Сәтбаев қалалық Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ директоры

Комментарии закрыты.