Жұмыс жалғасуда

Өткен жылдың аяғында Сәтбаев қаласының мүгедектер істері жөніндегі кеңестің төрағасы Марал Мәдиеваның қатысуымен мәжіліс өтіп, онда мүгедектердің орталықтандырылған базасымен жұмыс жүргізу, әлеуметтік оңалту бағдарламасымен  қамтамасыз ету және мүгедектерді оңалту Бағдарламасының 2010 жылы орындалысының қорытындысы туралы мәселелер қаралған болатын. Қойылған сұрақтарға орай Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Талиға Қапарова есеп беріп, 2011 жылға арналған іс-шаралар бағдарламасымен таныстырды. Осы жоспарға сәйкес үстіміздегі жылдың қаңтар айында бұл жұмыс басталып та кетті. Бөлім қызметкерлері мүгедектерді оңалту бағдарламасы бойынша олардың өтініштерін қабылдап, қажеттіліктер жинақтауда.

Жоспарланған іс-шаралардың мерзімінде орындалуы қатаң бақылауда.

Өз тілшіміз

Комментарии закрыты.