Рәміздерім – елдігімнің белгісі

Қазақ елінің сан ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігінің тойланғалы отырғанына

20 жыл. Дербес ел ретінде  өз Ата заңын қабылдаған Қазақстан, жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, өзінің Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар елге айналды. Тәуелсіздік алғаннан бір жыл өтер-өтпестен, 1992 жылы маусымда Рәміздеріміз қабылданды.Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азамат терең түсініп, оны қастерлей білуі керек. Қазақстан Республикасының Ата заңының 34 бабында әркім мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті екені айтылады.

Жас ұрпақтың бойына Рәміздерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыруда білім ошақтарында қыруар шаруалар атқарылып жатыр. Оның бір көрінісі ретінде сенбі күні қалалық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің негіз болуымен №3 орта мектепте өткен «Рәміздерім – елдігімнің белгісі» атты қалалық конференция.

Қала мектептерінің оқушылары қатысқан конференцияда 4 баяндама оқылып, Рәміздерге деген құрметтің жастар тарапынан жоғары екені байқалды.

Одан кейін, конференция жұмысына келіп түскен баяндамалар талқыға салынып,  алдағы уақытта Рәміздерді насихаттауда қандай жұмыс атқарылу керектігі жөнінде ұсыныс, тілектер айтылды.

Патриоттық тәрбие арқылы жас ұрпақтың, Рәміздерге аса құрметпен қарауын мақсат еткен конференция нәтижелі аяқталды.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.