Әкім аппаратында: Маңызды мәселелер қаралды

Өткен сәрсенбі күні әкім аппаратында қала әкімі Советбек Медебаевтың төрағалығымен, әкімдік мүшелерінің қатысуымен отырыс өтті. Күн тәртібінде маңызды деген 10 сұрақ қаралды.Бірінші болып қалалық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясы туралы қаулыға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жайында әкім аппаратының төтенше жағдайлар бойынша инспекторы Е.Сәлемов жобасын ұсынды. Мемлекеттік – құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Н.Салихов нашақорлыққа және наркобизнеспен күрес жүргізу іс-шаралары жоспарымен таныстырды. Қаланың бас сәулетшісі Т.Айтжанов дүкенді шаштаразға айналдыруға рұқсат беру туралы баяндаса, азаматтарға жер учаскелерін белгілі бір мерзімге дейін беру, уақытша беруге және оны пайдалану құқығынан айыру немесе мақсатты пайдалану туралы толық мәліметті жер қатынастары бөлімінің басшысы Л.Қараторғаева берді. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары С.Тезекбаева мен А.Байсалбаев қорғаншы тағайындау туралы қаулы, қалалық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің қорғаушы және қорғаншы секторының меңгерушісі Ғ.Сейтмағанбетова кәмілетке толмаған балаға қорғаншы тағайындау жөнінде мәліметін берді.

Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылданды.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.