Пікір: Он жылдыққа оң өзгеріспен

Осымен он бесінші жыл қатарынан Қазақстанның халқына Жолдауын жолдаған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бұл жолғы Жолдауы бұрынғы Жолдаулардан ерекше.

Олай дейтін себебім, Елбасы алдағы он жылдықта тек экономикалық даму жағынан ғана емес, халықтың әлеуметтік жағдайына аса назар аударды.«Денсаулық саласында осы жылдар бойына біз қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту үшін қажет нәрсенің бәрін жасадық» – деген Елбасы ендігі он жылдықтағы атқарар істерді анықтап берді. 2015 жылға қарай қазақстандықтардың өмір жасының ұзақтығын 70 жасқа дейін, ал, 2020 жылға қарай 72 жасқа дейін ұлғайту көзделуде. Бұл үшін Қазақстанда халықтың мақсатты топтарының денсаулығын бақылаудың ұлттық бағдарламалары кешенін енгізу. Бұл ретте, бірінші кезекте балалар мен жасөспірімдер, бала туу жасындағы әйелдердің денсаулығын нығайта түсуге баса назар бөлініп отыр.

Ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін кеңейтуді үкіметке тапсырған Елбасы, өткен жылы екі мамандандырылған емдеу-диагностикалық «Денсаулық пойызының» жұмысын жандандыра түсуді тапсырды.

Сондай-ақ Жолдауда халықты жұмыспен қамтамасыз етуге ерекше ден қойылып отыр. Елбасы жұмыссыздарға төленетін жәрдемақының мамандық алуына жұмсалуы қажеттігін атап өтті. Осы тұста екі жыл қатарынан табысты жұмыс істеп келе жатқан «Жол картасы» бағдарламасының жалғасы ретінде Елбасы Үкіметке облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 2011 жылдың 1 мамырына дейін халықты еңбекпен қамту жөніндегі жаңа бағдарламаны әзірлеуді тапсырды.

Айтайын дегенім, Елбасының бұл жолғы Жолдауында  келер онжылдықта еліміз оң өзгерістерге бет алыс жасап отырғаны.

Мырзатай Қосыбаев, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы.

Комментарии закрыты.