Бастама қолдау тапты

«Нұр Отан» партиясы Сәтбаев қалалық филиалының Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мерзімінен бұрын Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу туралы бастамасына қатысты кезектен тыс XIX конференциясы өтті.

Конференцияны ашып, жүргізген «Нұр Отан» партиясы Сәтбаев қалалық филиалының төрағасы Әнуар Омар барша азаматтарды, барлық саяси партиялар мен қоғамдық күштерді кезектен тыс Президент сайлауын өткізу бастамасын қолдауға шақырды. Ұзақмерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен Мәңгілік Ел идеясының жүзеге асырылуын қамтамасыз ете отырып, бұдан да қуатты, бұдан да мықты бола түсуіміздің тарихи мүмкіндігі екендігін атап айтты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің 2015 жылы мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы бастамасын қолдау туралы Мәлімдемесі бірауыздан мақұлданып, ҚР Президенттігіне кандидат ұсынылып, партияның облыстық конференциясына делегаттар сайланды.

Жарыссөз барысында Абай атындағы №4 мектеп-лицейі директорының міндетін атқарушы Айгүл Сәмбетқызы, орыс этно-мәдени орталығының жетекшісі Анжела Кондратова, жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Арман Мұханбетжановтың ҚР Президенттігіне партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевты ұсыну жөніндегі ұсынысы бірауыздан қолдау тапты. Қала әкімі Әнуар Омар, қалалық мәслихат хатшысы Татьяна Хмилярчук, партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жаңбырбай Дәрібаев, қала әкімінің кеңесшісі Марал Мәдиева облыстық конференцияға делегат болып сайланды.

Мейрамгүл САЯЖАНҚЫЗЫ.

Комментарии закрыты.