Тартысқа толы теннис

20150501-06-2Шығыс Жезқазған кенішіндегі «Жастар одағы» ұйымы кеншілер арасында спорттық-мәдени шараларды тұрақты түрде ұйымдастырады. Өткен аптаның соңында ұйым төрағасы Айгүл Абаеваның бастамасымен спорттық сауықтыру кешенінде үстел теннисі тартысты өтті.

Кеніштегі спорт нұсқаушысы Есіркеп Түсіпов атсалысқан тайталасқа толы жарыста қатысушылар бір-біріне дес берген жоқ. Әйелдер арасында механика бөлімінің инженері Гүлмира Мұрзатова «Үздік ойыншы», ерлер арасында №85 учаске бастығының орынбасары Қуаныш Жансүгіров «Үздік техникалық дайындығы үшін» номинацияларына ие болды.

Осы спорт түрімен ұзақ уақыттан бері айналысып келемін.

Футбол мен баскетболдан да құралақан емеспін. Жетістіктерім аз емес. Өткен жылғы кездесуде үшінші орынды еншіледім. Бүгінгі жарыста бірінші орынды жеңіп алдым, – дейді Анненск шахтасы №87 учаске проходчигі Нұрлан Ахметжанов.

Екінші орын №88 учаске жүргізуші Алмат Омаровқа бұйырса, үшінші орынға №57 шахта жүргізушісі Рахым Омаров лайық деп табылды. Жеңімпаздардың барлығына мақтау қағазы мен сыйлықтар табыс етілді.

Мейрамгүл САЯЖАНҚЫЗЫ. Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.