Ұйымдастыру мәселелері қаралды

«Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жаңбырбай Дәрібаев өткен аптада ақпараттық-насихаттау топтарының (АНТ) қатысуымен отырыс өткізді. Бұл алғашқы отырыс ұйымдастыру мәселелеріне арналды.Партияның саяси кеңесі бюросының шешімімен бекітілген ақпараттық-насихаттау топтарының алдағы жұмыс жоспарымен және топтардың құрамымен таныстырған Ж.Дәрібаев бұл жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарау керектігін ескертті.

Бүгінгі күні әрқайсында 5 мүшеден бар үш насихат тобы құрылған.

Бірінші топты «Нұр Отан» партиясы СФ төрағасының бірінші орынбасары Ж.Дәрібаевтың өзі басқарса, қалған екі топқа оның орынбасарлары А.Төлендина мен Қ.Смайлов басшылық етеді.

Бастауыш партия топтары жұмыс кестесіне сай Президенттің Жолдауын, «Нұр Отан» партиясының тыныс-тіршілігін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық арасына кеңінен насихаттап, қаладағы қоғамдық-саяси ахуалдың қалыпты тұруына ықпал етеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен айтқанда, «Партияның болашақ тағдыры мен еліміздің кемел келешегі «Нұр Отанның» салиқалы бағытына байланысты болмақ».

Майра Смағұлқызы

Комментарии закрыты.