Қазынашылықтағы отырыс

Сәтбаев қалалық қазынашылық басқармасында Елбасының жыл сайынғы Жолдауын насихаттау және медиа-жоспарды іске асыру мақсатында отырыс өткізілді.  Күн тәртібінде басты сұрақ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қойылған міндеттерді талқылау болды.

Отырыста  басқарма бастығы Б.Шәкенов  «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» тақырыбында баяндама жасады.Баяндамашы Президент Жолдауында белгіленген бағдарламалар мен міндеттерге, оның ішінде индустриаландыру мен экономиканы дамыту бойынша бағдарламалардың мақсатына тоқталды. Биылғы Жолдауында Елбасы әлеуметтік-жаңғырту мәселелеріне айрықша көңіл аударып отыр. Сондай-ақ, білім беру саласындағы 12 жылдық білім беру моделіне көшіру, кәсіптік-техникалық білім беру мазмұнын жаңарту, университеттік білім беру мен ғылымды дамытудың жаңа деңгейін қамтамасыз ету сияқты міндеттер қойып отыр, – деді Б.Шәкенов.

Сонымен қатар, баяндамада профилактика мен алғашқы медициналық-санитарлық көмек  сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлініп отырғандығы, халықтың нысаналы топтарының денсаулық жағдайын бақылаудың ұлттық бағдарламалар кешені енгізілетіндігі туралы айтылып өтті. Баяндамашы мемлекет қабылдаған үдемелі индустриялық-инновациялық даму , тілдерді дамыту бағдарламалары сапалы өмір салтын қалыптастыруға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған басқа да міндеттерге тоқталып, Елбасының  Жолдауында қойылған міндеттерді сапалы орындауымыз керек  деп қорытындылады.

Осы тақырып аясында басқарма бастығының орынбасары Р.Шертаева өз ойын білдірді:

– Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Жолдауында алдағы онжылдықтың міндеттері айқындалып, елімізді одан әрі өркендетудің нақты жоспары мен бағдарламасы көрініс тапты. Онда экономикалық саладағы ауқымды шаралармен қатар халықтың тұрмыстық жағдайын көтеруге айрықша көңіл бөлінген. Оның ішінде денсаулық саласына, салауатты өмір салтымен айналысуға үлкен мән беріліп отыр. Елбасы халықтың мақсатты топтарының, оның ішінде жасөспірімдер мен балалардың , бала туу жасындағы әйелдердің денсаулық жағдайын бақылау қажеттігін атады. Елбасының халыққа арнаған Жолдауында қойылған міндеттерді табысты шешуге бар күш-жігерімізді аямаймыз, – деді Р.Шертаева.

Тақырыпты талқылауға басқарма қызметкерлерінің бәрі де қатысты.

(Өз тілшіміз.)

Комментарии закрыты.