«Күншуақтағы» кездесу

20150508-08-2Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, қан майданда ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына арналған шаралар Сәтбаев қаласында жалғасын табуда. Өткен аптаның соңында «Күншуақ» балабақшасында ұйымдастырылған кездесуге Ұлы Отан соғысының ардагері Әкбар Аманжолов құрметті қонақ ретінде шақырылды.

– Жеңіс бізге атылған оқпен ғана келген жоқ, әнмен де келді. Ән жауынгерлерді алға жетеледі, жігерлендірді. Жаңа ерліктерге шақырып, ұрыс даласында жеңіс дабылын қақтырды. Бүгінгі шырқалып жатқан патриоттық әндер сонау отты жылдарды еске салады, – дейді естеліктерімен бөліскен Ә.Аманжолов.

Бүгінгі ұрпақтың бейбіт өмірі үшін қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етіліп, бір минут үнсіздікпен еске алынғаннан кейін кезек балабақша тәрбиешілері мен тәрбиеленушілерінің қатысуымен даярланған концертке берілді. Төгілген жыр, айтылған ән ел намысын таптатпаған батырлардың құрметіне арналды.

Мейрамгүл САЯЖАНҚЫЗЫ. Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.