Аға ұрпақтың ерліктері

20150508-11-2Ұлы Жеңістің 70 жылдық торқалы тойы қарсаңында соғыс ардагерлерімен қатар тыл еңбеккерлеріне де ерекше құрмет көрсетілуде. Әсіресе білім ошақтарында кешегі қиын-қыстау күндерде таңның атысы күннің батысы тынымсыз еңбек етіп, Жеңіс сағатын жақындатуға үлес қосқан тыл ардагерлерімен кездесулер өткізіліп жатыр. Сондай бір тағылымы мол іс-шара қаламыздағы Оқушылар сарайында да өтті.

«Ержүрек аға ұрпақтың ерліктері» атты бұл кездесу кешіне кешегі отты жылдарда қолына қару ұстай алатын ер-азаматтар майданға аттанғанда, олардың орнын басып, тылда аянбай тер төккен әкелеріміз бен апаларымыз – Нәмиден Ермаханов пен Орынбай Мизамбаева қатысты.

Тыл ардагерлері кеш барысында сұрапыл соғыс жылдарындағы ауыр еңбек пен қиын тұрмыс жайлы, еңкейген қарт пен әйелдердің, балалардың сол қиындықтарға мойымай қалай тер төккендері жайлы әңгімеледі. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, көкейлеріндегі сауалдарына жауап алды.

Әрине, ән-жырдан шашу шашылып, сый-сияпат жасау да ұмыт қалған жоқ.

Айнұр Бейсенбаева. Оқушылар сарайының мұғалімі.

Комментарии закрыты.