«Біз қазақша сөйлейміз»

20150515-05-1Қалалық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеленушілер арасында мемлекеттік тілдің қолдану аясын балабақшада қалыптастыру, мектепке дейінгі балалардың қазақ тілін толық меңгеріп, еркін және жүйелі сөйлеу қабілеттерін дамыту, тіл белсенділігін арттыру, өскелең ұрпақтың отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында «Біз қазақша білеміз» атты фестиваль өткізді.

Фестиваль 2 кезеңнен тұрды. Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен үздік музыкалық композициялар екінші кезеңге өтті. Бөлімнің бас маманы Мадинат Игенберлина тікелей жетекшілік еткен бұл фестиваль тартымды да көңілді, мазмұнды, қазақстандық патриотизмді дәріптеуге, бірлікті ту ете отырып, қазақ тілін асқақтатудағы өз мақсатын орындай білді.

Көрермендер, тәрбиешілер, ұлағатты ұстаздар кішкентай өзге ұлт бүлдіршіндерінің өнерлеріне тәнті болды. Қатысқан барлық бүлдіршіндерге түрлі номинациялар бойынша мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтар тарту етілді.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.