«Шоқжұлдыздан» – бас жүлде

20150515-11-2Қарағанды қаласында 1-5 мамыр аралығында өткен облыстық балалар мен жасөспірімдердің «Шоқжұлдыз -2015» IV ашық шығармашылық фестивалінен би номинациясы бойынша «Маюри-Девдас» би тобы бас жүлдені қанжығалап қайтты.

Қарағанды, Теміртау, Қарқаралы, Шахтинск, Жезқазған қалаларынан 4 аталым бойынша 350 өнерпаз қатысқан фестивальде би номинациясындағы 150 үміткердің ішінде Бақыт Уәлиева мен Жадыра Оразымбетова дайындап алып барған 6 бала жеңіс тұғырынан көрінді.

Бұл сайыста қазылар алқасы мен көрермендерді би тобының жас балғындарының өнері ерекше тәнті еткенін айтады би тобының жетекшілері.

Айналасы бір айдың ішінде екі бірдей бас жүлдеге ие болған би ұжымына алдағы уақытта да мол табыстар тілейміз.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.