«Самға, жұлдыз»

20150522-12-2Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, қазіргі «Майра» продюсерлік орталығының директоры Майра Ілиясованың ұйымдастыруымен Алматы қаласында алғаш рет «Самға, жұлдыз!» атты республикалық балалар мен жасөспірімдер арасында ән байқауы өтті.

Еліміздің түкпір-түкпірінен 5 пен 17 жас аралығында өнер көрсеткен өнерпаздардың қатарында қаламыздың қос бірдей жас әншісі бар. Олар – Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері, ұлағатты ұстаз Айнагүл Күлшекенованың шәкірттері, Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері, №16 орта мектептің оқушылары Батырбек Кәрім мен Нариза Ибрагимова.

Байқауда «Эстрадалық вокал» жанры бойынша өнер көрсеткен екі жас әншіміз қазылар алқасының үміткерлерге қойған талаптары өте жоғары болғандығын айтады.

Жүйріктен жүйрік озған ән байқауында Батырбек Кәрім бас жүлде, Нариза Ибрагимова І орынды қанжығалап қайтты.

Сөйтіп, өнер айдынына бетбұрыс жасап жүрген қос өнерпаздың жеңістері тағы бір жүлдемен толықты.

Бағдат Қазкенов. Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.