«Шуағы жер үстінің» тарқамасын

20150522-11-1Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналып №16 орта мектептің 3 А сыныбында жас буынға рухани азық болар сабақ осы тақырыпта өтті.

Ұлағатты ұстаз О.Мұханбетжанованың жетекшілігіндегі балақайлар тәрбиелік сағатты өздері жүргізіп, отты жылдардың қаһармандары – Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сынды батыр ата-әжелері жайында көріністер қойды.

Бақытты балалық шақтың бал дәмін татып жүрген жас буын үш батырдың өмір жолын көріністер арқылы жеткізе келіп, өздері де мол тәлім-тәрбие алды.

Тәрбие сағатының қадірменді қонағы ретінде қатысқан еңбек ардагерлері , ерлі зайыпты Түсібия Арыстанбеков пен Күләш Салқаева осыдан 70 жыл бұрынғы елдің тартқан тауқыметін, сол замандардағы балалардың тұрмыс-тіршілігін немерлеріне ет жүректері елжіреп, көздеріне жас ала әңгімелеп берді. Қос қария кейінгі ұрпақ қиыншылықты көрмей, ұстаз берген білімді арқау етіп, адал еңбекке күш салу қажет деді.

Сабақтың соңын оқушылар әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Жұмекен Нәжімеденов жазған «Бейбіт күн тілегі» әнімен аяқтады.

Бағдат Қазкенов. Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.