«Күншуақтағы» білімді бүлдіршіндер

20150522-11-2Қалалық әкімдіктің ұйғарымымен №16 орта мектепте ағымдағы жылдың ақпан айында ашылған «Күншуақ» тобында 3-5 жас аралығында 25 бүлдіршін бүгінде білім нәріне сусындап, рухани мұраларымызға қанығуда.

Үш ай ішінде мұндағы балғындар көп іс-шараларға қатысып, білімдерін де, өнерлерін де ортаға салып жүр. Жақында Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орайластырылып өткен «Ер есімі – ел есінде» тақырыбында өткен іс-шарада да белсенділіктерін байқатты.

Олар ертеңгілік барысында Жеңістің қалай орнағаны жайында мәлімет алып, батыр ата-әжелерінің, аға-апаларының ерліктерімен танысты. Бүлдіршіндер өз кезегінде әннен, биден қонақтарға мерекелік шағын концерт ұсынып, көптің көңілінен шықты.

Іс-шара соңында білім ошағы басшысының бастауыш оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлнар Сәдуақасова балалар мен ата-аналарға, ал, ата-аналар үш айдың ішінде балаларын білімге де, өнерге де баулып, жан-жақты тұлға қалыптастыруда орасан зор еңбек етіп отырған топ тәрбиешілері Ұлжамал Хужаева мен Гүлжан Шегебаеваға алғыстарын білдірді.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.