«Жас биолог» интеллектуалды ойыны

20150522-11-4Абай атындағы №4 лицей-мектебінде Сәтбаев қаласының жалпы орта мектептерінің аралығында «Жас биолог» атты интеллектуалды ойын өткізілді. Интеллектуалды ойынның ұйымдастырушылары Абай атындағы №4 лицей-мектебінің биология пәні мұғалімдері. Интеллектуалды ойынға №№ 3, 5, 7, 10, 12, 14, 15, 16, 19, 25 мектеп командалары қатысты.

Ойынның мақсаты: оқушылардың ой-өрістерін дамыта отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, табандылықпен шешім қабылдауға, оны дәлелдеуге үйрету, биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Интеллектуалды ойын командалардың танысу девизімен басталды. Жалпы ойын 5 кезеңнен тұрды: бірінші «Сергіту» кезеңінде «Ботаника» және «Зоология» пәндерінен сұрақтар қойылды. «Биология әлеміне саяхат» кезеңінде әр командаға биологиялық термин сөздер беріліп, сол сөздерді қолданып ертегі құрастырып, көрсетті. Ал «Кім өнерлі?» кезеңінде әр сайыскер конверт ішіндегі тапсырманы қимыл арқылы образға салды. Сайыскерлер шығармашылық талғамдарын, фантазияларын, әртістік қабілеттерін әділқазыларға жеткізе біліп, таң қалдырып жоғарғы ұпайға ие болды. «Капитандар жарысы» кезеңінде әр команданың капитандарына әр түрлі ғылым саласын табу керек болды. «Бала тілі бал» кезеңінде әр команда бейнетаспадағы жасырылған биологиялық терминді шеше білді. Капитандар және командалар өздерінің білімдерін, белсенділігін көрсетіп, қосымша ұпайлар алды.

Қазылар алқасы командалардың шығармашылық талғамдарын, фантазияларымен толық және дұрыс жауаптарын ескере отырып, әділ бағаларын берді.

I орын – №16 жалпы қазақ орта мектебіне, II орын – №19 жалпы қазақ орта мектебіне, III орын – №5 жалпы қазақ орта мектебі мен №15 жалпы орыс орта мектебіне берілді.

Қалған командалар Алғыс хаттармен марапатталды. Ойын жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар жақсы көніл күйде кетті.

Ж.Амзеева, Ж.Молдаганапова, Абай атындағы №4 лицей-мектебінің биология пәні мұғалімдері.

Комментарии закрыты.