Ата-аналармен кездесті

Қалалық дін мәселелерін зерттеу орталығының жанынан құрылған ақпараттық-насихат тобының мүшелері Б.Балқыбайұлы атындағы орталық мешіттің наиб имамы Еркебұлан Такеев, «Шарайна» газетінің тілшісі Бағдат Қазкенов пен орталық инспекторы Нұрсұлтан Сағынбай өткен аптада №19 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте ата-аналармен кездесті.

Кездесу барысында топ мүшелері ата-аналармен бірлесе отырып бүгінгі діни ахуал жайын кеңінен талқылады.

– Қазіргі қоғамның басты мәселесіне айналған діни экстремизм мен терроризм қаупі елімізде де көрініс тапқаны жасырын емес. Жат ағымда жүріп, біреудің қаңсығын өзіне таңсық еткен қазақ жастары ұлттық мүдде мен рухтан алшақтап, ата-баба дәстүрін аяқ асты етіп жатқандардың да бой көрсетуі қоғам үшін ойланатын құбылыс. Ата дәстүрмен біте қайнасып кеткен ислам дінін бұрмалап, жас буынның санасын улауға көшкен мұндай ағымдар ұлт үшін өте қауіпті. Сондықтан, бала тәрбиесін дінге бетбұрыс жасаған күннен бастап қадағалауға алу қажет, – деді мамандар.

Ата-аналар да кездесу барысында көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, мамандар тарапынан жауаптар алды.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.