Чемпионаттан – жүлдемен

20150605-11-4Степногорск қаласында 19-23 мамыр күндері 2001-2002 жылдары туған кіші жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты өтті. Оған он төрт облыс пен Алматы және Астана қалаларының құрама командалары қатысты. 151 үміткер шаршы алаңның шаңын шығарған байрақты бәсекеде Қарағанды облысы құрама командасында Сәтбаевтан 2 боксшы бақ сынады. 46 келі салмақта Бекжан Дүйсенбай бағын сынаса, 66 келіде Давид Дюсембаев жекпе-жекте қола жүлдені қанжығасына байлады. Ал, 40 келі салмақта Дамир Нұғманов чемпион атанды. Жеңімпаз және жүлдегер боксшыларды жарысқа әзірлеген бапкерлері: С.Жұмабек, Е.Тусупов, М.Дүйсенбай, Е.Тортаев, А.Умбетжанов енді шәкірттерін жоғары дәрежелі сайыстардың бірі – «Дети Азии» чемпионатына дайындауда.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.