Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру және жою орнын айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 288 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2009 жылғы 26 қаңтарда берген № 00054645 қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаты негізінде Сәтбаев қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ: 1. Бұрынғы Златоуст-Беловский карьерінің аумағында орналасқан жалпы көлемі екі гектар жер телімі өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру және жою орыны болып айқындалсын. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Қ.А.Шайжановқа жүктелсін. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Сәтбаев қаласының әкімі С.Т.Медебаев

Комментарии закрыты.