Облыстық чемпионатқа қатысады

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 22 жыл толуына арналған Сәтбаев қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 1997-1998 және 1999-2000 жылдары туған жасөспірімдер арасында бокстан ашық біріншілік өтті.Оның мақсаты жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, қаламызда боксты өркендету, боксшылардың спорттағы шеберлігін шыңдау және ең бастысы, наурыз айында Қарағанды қаласында өтетін облыс чемпионатына іріктеу жүргізу болды.

Бұл жекпе-жек кездесуге Сәтбаев қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен, Сәтбаев қалалық «Қазақмыс» корпорациясы жанындағы спорт мектебінен және Қарсақбай кентінен барлығы 82 боксшы қатысты. Біріншіліктің ашылуымен құттықтап, жас спортшыларға сәттілік тілеу үшін алғашқы болып балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, жарысты ұйымдастырушы Ш.Шілдебай сөз сөйледі. Келесі кезектерде отбасы түріндегі «Балалық шақ» балалар үйінің директоры Ә.Әбенов, жарыстың бас төрешісі С.Журинов спортшыларға жылы лебізін жеткізді.

Демалыс күндері өткен жарыстың қорытындысы бойынша 1997-1998 ж.т. жасөспірімдер арасында БЖСМ спортшыларынан М.Омар, Р.Мейрамов,Ө.Жамбаев, «Қазақмыс» корпорациясы жанындағы спорт мектебінің оқушыларынан А.Бельдий, Д.Куликов, Ә.Ерғалиев, Е.Бахтияр, Ж.Абдрашов, Б.Маликов, Ә.Истаев, Ж.Балтабеков және Қарсақбай кентінің спортшыларынан Ғ.Әбікен, Ә.Нуркамал жеңімпаздар атанды. Ал, 1999-2000 жылдары туған жасөспірімдер арасында БЖСМ спортшыларынан Д.Байкенжин, С.Шимко, А.Аухахов, Б.Өмірзақ, «Қазақмыс» спортшыларынан С.Хизат, Қ.Омаров, А.Құдайберген жеңімпаздар атанды. Қалған спортшылар ІІ және ІІІ орындарды өзара бөлісті.

Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған жас спортшылар облыстық чемпионатқа жолдама алды. Біз олардың облыстан да жеңіспен оралуларына тілектеспіз.

Марал Шахаева.

Комментарии закрыты.