Ардақты аналар, аяулы құрбы-қарындастар!

Сіздерді жылы шырайлы көктемнің алғашқы бір күндері барша тіршілік иелерінің көңілін жадырата келген 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Биыл 20 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетуіне асыл аналарымыз, аяулы апа-қарындастарымыз өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат. Отбасының күнбе-күнгі шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп, Сіздер біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келесіздер. Халқымыздың дәстүрі мен салтын, оның мәдениеті мен тарихын, тілін қадірлеуді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған Сіздерге шынайы ризашылық сезімімізді білдіреміз.

Қаламыздың басты байлығы, жан-жүрегі, болашағы сіздерсіздер. Сіздермен бірге туған қаламыз Сәтбаевты дамыту және көркейту жолында көптеген маңызды жобаларды жүзеге асырып келеміз.

Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз!

Осы бір тамаша мерекеде Сіздерге денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілейміз!

Өмірдегі әйел жаққан шырақ сөнбесін!

Құрметпен,Сәтбаев қаласының әкімі С.Т.Медебаев.

Қалалық мәслихаттың хатшысы С.С.Имамбай.

Комментарии закрыты.