Үздіктер қатарынан көрінді

20150612-02-1Сәтбаев қаласында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп, бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеп жүрген еңбек ұжымдары аз емес. Соның бірі – «Сәт Сәулет» ЖШС.

Жуырда осы мекеме жоғары марапатқа ие болып, үздік деп танылған кәсіпорындар қатарынан көрінді. Ресей, Қазақстан, Украина, Беларусь, Әзірбайжан мемлекеттерінің Ұлттық бизнес рейтинг Одағының Қазақстан бойынша ұйымдастырушы комитетінің шешімімен «Сәт Сәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Қауіпсіз қалдықтарды өңдеу және жою» номинациясы бойынша үздік кәсіпорын атанып, 2015 жылдың «Сала көшбасшысы» атағына ие болды. Сондай-ақ, осы кәсіпорынның директоры Амантай Рахымбекұлы Әбілқасымов Ұлттық бизнес-рейтинг комитетінің «Экономика мақтанышы» Орденімен, серіктестіктің есепшісі Зәбирә Төлеубайқызы Игілікова «Жыл маманы-2015» Ұлттық сертификатымен марапатталды.

Сейсенбі күні қала активімен болған аппараттық жиында қала басшысы Әнуар Омар марапат иелерін жетістіктерімен құттықтап, ұлттық бизнес рейтингтің сертификаттарын иелеріне салтанатты жағдайда табыстады.

Сәтбаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Комментарии закрыты.