Патриоттық сайыс

20150612-04-2Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш етуші әрі еліміздің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні қаламыздағы №16 жалпы орта білім беретін мектебі жанындағы «Айгөлек» жазғы сауықтыру алаңында топ тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен мемлекеттік рәміздерді насихаттау, оқушыларды ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында «Рәміздерім – мақтанышым» тақырыбында сайыс өтті. Сайысқа «Көгершін». «Күншуақ». «Балдәурен» «Жалын». «Достық», «Арай» топтары қатысты.

Іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін орындаудан басталды. Тәрбиеленушілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің шығу тарихы және олардың авторлары туралы деректі фильм көрсетілді. Сайыстың соныңда «Бас жүлдені» – Жалын тобы, ал 1, 2, 3 – орындарды «Көгершін», «Арай», «Достық» топтары сәйкесінше иеленді. Мемлекеттік мерекеге арналған шара соңында патриоттық әндер шырқалды.

Сандуғаш Төлеуова.

Комментарии закрыты.