Думанды күндер жалғасуда

20150619-12-01Балалардың жазғы демалысын ұтымды пайдалану мақсатында Абай атындағы №4 мектеп-лицейде «Балдырған» жазғы сауықтыру алаңы ұйымдастырылған.

Лагерь басшысы Э.Маденованың ұйымдастыруымен сауықтыру алаңының ашылу салтанаты өтіп, ертегі елінен келген кейіпкерлер: Маша мен Аю, Жаз ханшайымы, Сайқымазақ, Аладдин және Жалмауыз кемпір балаларға жарыс ойындары мен ойын-сауық бағдарламаларын көрсетті. Сайқымазақ балаларға жұмбақтарын жасырып, әртүрлі ойындар ойнатты. Балғындар өз өнерлерін көрсетіп ән айтып, би биледі. Атап айтсақ, «Соку-соку», «Телевизор», «Флешмоб», «Көңілді күн» биі, Жалғас Ерасылдың орындауындағы «Тамаша» әні және түрік биі көпшіліктің көңілінен шықты. «Балдырғаннан» балалықтың күлкісі мен балғындықтың, шаттықтың желі есіп, жазғы сауықтыру алаңы думанды күндердің, қоғамдық пайдалы істердің орталығына айналды. Сауықтыру алаңына келген күннен-ақ балалар достасып алды. Барлық шараға біркісідей ұйымшылдықпен қатысуда. Әр күнге көптеген іс-шаралар жоспарланған. Мұнда балалардың бос уақыты болмайды.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.