САБИНА жаз аруы атанды

20150619-12-02Абай атындағы №4 мектеп-лицейдегі «Балдырған» жазғы сауықтыру алаңында «Жаз аруы-2015» байқауы өтті. Сайысқа әдемі де талантты, көңілді де белсенді 6 қыз қатысты.

Бірнеше белестерден өту үшін олар өздерінің бар өнерлерін ортаға салды. Бірінші «Мен – қазақ қызымын» сайысында қыздар өздерін қазылар алқасына және көрермендерге таныстырды. «Сән үлгісі» сайысында қыздар целлофаннан, қағаздан, тордан тігілген киім үлгілерін көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер етті. «Өнерлі өрге жүзер» сайысында қатысушылар үнді, «Көңілді күн» сияқты билерді орындаса, «Сиқырлы саусақ» сайысында қазылар алқасы қатысушылардың қолдан жасалған бұйымдарын көріп, бағалады. Кішкентай шеберлер табиғи материалдарды пайдаланып, әртүрлі бұйымдар жасады, тәтті тоқаштар пісірді, сурет салып, моншақтан тізген бұйымдарымен көрермендер мен әділқазылар алқасын таң қалдырды.

Сайыстың қорытындысы бойынша «Жаз аруы» номинациясын Серік Сабина жеңіп алды. Бугай Каролина «Көрермендер көзайымы» номинациясымен мараптталса, «Ең сүйкімді ару» номинациясы Бимағанбет Анельге бұйырды. «Өнерлі ару» номинациясына Асқар Нұршайым ие болды және «Көрікті ару» номинациясымен Бисембаева Дильназ марапатталды.

Э.Маденова, лагерь басшысы.

Комментарии закрыты.