Жазғы алаңда көңілді

20150619-12-03Мектеп жанындағы жазғы алаң – мектеп жасындағы балалардың бірден-бір қызықты да қажетті демалысы.

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз алаңға барамыз» деп оқу жылы аяқталысымен мектеп оқушылары жазғы алаңдарға баруға асығады. Жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері осындай жазғы демалыс алаңынан бастау алары сөзсіз.

Балалардың жазғы демалысын қызықты әрі көңілді өткізуін ұйымдастыру мақсатында №5 жалпы орта білім беретін мектебі өз жұмысын бастады. Сауықтыру алаңының І ауысымында 70 бала қамтылды.

Мектебіміздегі әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалы отбасы, қамқорлыққа алынған және диспансерлік есепке алынған балалардың денсаулықтарын нығайту барысында мектеп жанынан «Балдырған» сауықтыру алаңы жұмыс істейді.

«Балдырғанда» балалардың қатысуымен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, спорттық жарыстар өткізілуде.

Қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес қаламыздағы өнер мектебіне, аула клубтарына саяхат жасалды. Балалардың қуанышында шек болмады.

А.Садуақасова, алаң басшысы.

Комментарии закрыты.