Облыс әкімінің Алғыс хатын иеленді

Осымен екінші жыл қатарынан елімізде Мемлекеттік қызметкерлер күні аталып өтуде. Еліміздің әлеуетін нығайтып, оның өсіп-өркендеуі жолында қажымай еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметкерлерге құрмет көрсету бағытында бұл күні еліміз бойынша түрлі шаралар өтуде.

Айтулы күнге орай үстіміздегі жылдың 22 маусым күні облыс орталығы Қарағанды қаласында салтанатты шара ұйымдастырылып, мемлекеттік мекемеде қажырлы еңбегімен көзге түскен мамандарға төсбелгілер, облыс әкімінің алғыс хаттары мен мақтау грамоталары табысталды.

Сый мен құрметке бөленгендердің қатарында Сәтбаев қаласы әкім аппаратының жетекшісі Алмаз Нысанбаев бар. Алмаз Серікбайұлы облыс әкімінің салтанатты қабылдауында болып, жаңа қазақстандық қоғам құру ісіндегі табысты еңбегі және облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан жекелей үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Сәтбаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Комментарии закрыты.