Тегістеп кетсе қайтеді?

20150626-07-1Бір айдың көлемі болды, қаланың «МЖК» аталып кеткен тұсында Ерден көшесінің бойында ыстық судың құбырлары айырбасталды. Жол жиегінің содан кейінгі күйі мына суреттегідей. Дәл көпшіліктің автобус күтетін жерін қазғаннан кейін қайта тегістеуге болмас па еді? Оның үстіне осы жерлерде бұрындары арнайы суағарлардың орны болатын. Бірақ, бірнеше мәрте қазылғаннан соң, суағар түгілі тегістелудің өзі мұң болып қалды.

– Мұндай жауапсыздықты қандай мекеме қадағалауы тиіс екенін де білмей қалдық. Дәл жол бойында қопарылып жатқан келеңсіз көрініс қала үшін ұят болса, тұрғындар үшін өте қауіпті. Қаланың ірі көшелерінің бірі саналатын бұл жолдан көлік көп жүреді. Тап-тар жерде оқыс қимыл жасасаңыз, қиындыққа тап боларыңыз анық. Негізінен, автобус күтетін аялдама болуы тиіс қой. Бірақ, мынадай қопарудан кейін оның жырын айтып қайтеміз, – дейді осы маңда автобус күтіп тұрғандар.

«Ат аунаған жерінде түк қалады», осы ПТВСТ-ің артында неге ылғи жүк қалады?

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.