Арамшөптер қаулап тұр

20150626-07-3Биылғы жауын-шашынның молдығы болса керек, қаланың көптеген жерлерінде, саяжолдарда жабайы шөптер қаптап кетті. Қаптағаны былай тұрсын, бойлары серейіп, егілген жас көшеттермен бірдей болып тұр. Әсіресе, Тәуелсіздік даңғылы, Комаров көшесі бойындағы саяжолдан өтіп бара жатқаныңызда мұны аңғармауыңыз мүмкін емес.

Жасылелдіктер шама-шарқынша жұлып, тазарту үстінде көрінеді. Алайда, жастардың атқарған жұмысы көзге көріне қоймады. Мұндай ауқымды шаруаны тазалық жұмыстарына жауапты мекемелердің жұмыскерлері де бірлесе атқарса арам шөптерден әлдеқашан құтылған болар едік.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.