Ойын алаңы – көлік тұрағы, жолдың шеті – көлшік

20150626-07-4Бұл көрініс Ерден көшесі, 213 үйдің ауласында түсірілген. Ұзыннан ұзақ жатқан ойын алаңы тұрғындардың көлік алаңына айналған. Батпақтан әбден езіліп, миы шығып жатқан жерде бір кездері балалардың ойын алаңы болғандығын айғақтайтын кейбір элементтер тұр. Бірақ, жарамсыз күйде. Сірә, қала қала болып салынғандағы кезеңнен қалған белгі болса керек. Айтайын дегеніміз, бұл аулаға да осы маңның балалары ойнайтын үлкен алаң қажет. Себебі, аула балақайлары жолдың ойылып қалған жеріне жиналған сасық суда малшынып ойнап жүр.

Заманына сай аулада ойнайтын кезең келгенімен, кейбір балалар осылай өсіп жатыр. Бұл үйдің алдындағы тағы бір мәселе – асфальттің дәл ортасында жатқан үлкен шұңқыр. Мұндай шұңқырдың барын бұрын білмеген жүргізуші оған түсіп кетері сөзсіз.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.