Бақылау босаңсып кеткен жоқ па…

20150626-07-5Қаланың нақ орталығында былтырғы жылы қайта күрделі жөндеуден өтіп, сыртқы қасбеті айнадай жарқыраған «Айшуақ» тойханасының айналасындағы тазалық көңіл көншітпейді. «Әй дейтін әже, қой дейтін қожаның» бұйрығы қазір шағын кәсіпкерлік нысанына жүрмейтіндігі болар, нысанның сыртқы тазалық жұмыстарына иелері көңіл аудармайтын болып барады.

«Айшуақтың» маңында үнемі кәуап пісіретін бөрене ағаштар үйіліп жатады. Олардың арнайы жасалған күркенің ішінде сақталуына ешкім мән беріп жатқан жоқ. Тап-тар жерде кейде ағаш та жарады. Аңдаусызда қуыстан шыға келген адамға жарып жатқан ағаш тисе не болмақ?

Осындайда қалалық әкімдіктегі «жауапты тұлғалар не көріп отыр екен?» дейсің. Қала біздікі емес пе…

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.