Ұлттық биден сайысты

20150626-08-2№16 жалпы орта білім беретін мектепте маусымның 1-нен бастап «Айгөлек» жазғы сауықтыру алаңы ашылды, басшысы – Гульжан Мейрманова. Тәрбиешілер күнделікті жоспар бойынша әр түрлі іс-шаралар өткізуде.

Соның бірі – 16 маусым күні өткізілген «Ұлттық би» сайысы. Әр топтан балалар би өнерін ортаға салды. «Көгершін» тобы грузин халқының биін, «Күншуақ» тобы түрік халқының биін, «Жалын» тобы мексика биін, «Достық» тобы үндінің және «Арай» тобы өзбек халқының биін аса шеберлікпен орындады.

Қазылардың шешімі бойынша Бас жүлде – «Достық» тобына, І орын – «Жалын» тобына, ІІ орын – «Күншуақ» тобына, ал ІІІ орын «Көгершін» мен «Арай» топтарына бұйырды.

Ж.Борамбаева, З.Ахметжанова, тәрбиешілер.

Комментарии закрыты.