Тамаша демалыс

№19 жалпы орта білім беретін мектепте жазғы сауықтыру лагері жоспарлы түрде жұмыс істеуде. Алаңда «Балапан», «Күншуақ», «Достық», «Жас қыран» топтары ашылған.

Әр топта тәрбиешілер Ә.Байболатова мен Г.Төлеубай, А.Оразбаева, Г.Әлжанова, Ж.Орынбасар, Г.Нарбаева, Г.Әбілмажина, А.Омарова және лагерь басшысы А.Ибраева қарқынды жұмыс жасауда.

Сауықтыру лагерінің жұмысы таңғы жаттығудан басталады. Осыдан соң таңғы ас беріледі. Оқушыларға ас беру мәзірі санитарлық нормаға сай болуы әрдайым қатаң бақылауда. Мектебіміздің медбибісі Г.Қоңқышқызы балалардың дәрумендерді тиісті деңгейде пайдалануына аса мән береді, күнделікті денсаулығын бақылап отырады. Жазғы сауықтыру алаңында оқушылардың танымдық деңгейін арттыру мақсатында түрлі іс- шаралар өткізілуде. Атап айтар болсақ, жақында «Қыз сыны» байқауы өткен еді. Байқауға әр топтан дарынды оқушылар қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Бас жүлдені «Достық» тобы иеленді.

Оқушылардың денсаулығын шыңдау – жазғы сауықтыру лагерінің басты мақсаттарының бірі. Күн сайын өтіп жатқан эстафеталық ойындар осы сөзіміздің нақты дәлелі. Эстафеталық ойындарды мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұгалімі Жасұлан Исабеков өткізіп отырады. Демалушылар оқушылар сарайына барып, түрлі байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болуда. «Сұңқар» аула клубындағы домбыра, тоғызқұмалақ, сурет салу үйірмелері оқушылардың талабын ұштауға үлкен септігін тигізуде.

Жазғы сауықтыру алаңында оқушылардың денсаулығын шыңдауына, сапалы демалуына міне, осындай тиісті жағдайлар жасалуда, ең бастысы – балалар дән риза. Ал, балалардың шаттығын көруден артық бақыт бар ма?

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.