Тәрбиешілер сайысы

20150703-12-1Қаламыздағы №16 жалпы орта білім беретін мектепте «Айгөлек» жазғы сауықтыру алаңының аяқталуына орай, «Жалын» тобы тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен «Ең үздік тәрбиеші» сайысы өтті.

Сайыстың мақсаты – мамандарды қызметке бейімдей отырып, кәсіби біліктіліктерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру. Теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, кәсіптік құзіреттіліктерін нығайту. Ұжымдық қарым-қатынасқа психологиялық бейімдеу, өзара тәжірибе алмасу болды.

Төрт кезеңнен тұратын сайысқа алты тәрбиеші қатысып, барынша дайындалып келгендерін көрсетті. «Таныстыру», «Сұрақ-жауап», «Өз өнері», «Тәтті тағам» атты кезеңдерден тұратын сайыста қазылар алқасының шешімімен Г.Канафина «Ең үздік тәрбиеші» атанды. Қалған қатысушылар «Мейірімді тәрбиеші», «Шығармашыл тәрбиеші», «Білімді тәрбиеші», «Шебер тәрбиеші», «Өнерлі тәрбиеші» номинацияларына ие болды. Сайыскерлердің барлығына да сый-сияпат көрсетілді.

С.Төлеуова, сауықтыру алаңының тәрбиешісі.

Комментарии закрыты.