Құрметті жерлестер! Қадірлі қала тұрғындары!

Баршаңызды шын жүректен мемлекеттік мереке ‑ Астана күнімен құттықтаймыз.

Ел ордасы Астана қаласы он жеті жылдың ішінде келісті келбетімен көз сүйсіндіріп, гүлденіп келеді. Барлық қазақстандықтардың мақтанышына айналған бас қаламыз осы жылдар ішінде экономикалық және мәдени өмірдің орталығына айналды. Мұнда инновация мен бизнес қарқынды дамып, халықаралық маңызы бар бірқатар шаралар өтуде. Бірегей сәулетімен ерекшеленген әлемдегі әсем қалалардың бірі ‑Астанада жылдан жылға тұрғындарының саны да көбейіп келеді.

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегендігі мен батылдығы, халқымыздың тәуекелшіл қайсарлығының арқасында бой көтерген Астана қарыштап дамып келе жатқан мемлекетіміздің айқын дәлелі ғана емес, еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың басын біріктірген достық мекеніне айналды. Бүгінде тәуелсіз Қазақстанның айбыны іспеттес болған Елорда ертеңіне барлық қазақстандықтар үлкен үмітпен қарап, бүкіл әлем қызыға көз тігуде.

Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілей отырып, елімізде бірлік пен береке болсын деп тілейміз. Ұлт мақтанышына айналған Елордамыз күннен-күнге өркендеп, көркейе берсін!

Сәтбаев қаласы әкімінің міндетін атқарушы С.Имамбай. Қалалық мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук.

Комментарии закрыты.