Қоғамдық қабылдау бөлімі ашылды

Сәуірдің 3-і күні елімізде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Сайлауға «Нұр Отан» ХДП атынан Н.Ә.Назарбаев ұсынылды. Осы саяси науқан қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевты қолдау мақсатында штаб құрылып, жұмыс атқаруда. Өткен жұма күні осы штабтың қоғамдық қабылдау бөлімшесінің тұсаукесер рәсімі өтті.Бөлімнің ашылуына «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Дәрібаев, қалалық қоғамдық қабылдау бөлімі төрағасының орынбасары А.Төлендина, қоғамдық қабылдау бөлімінің жетекшісі В.Уразова, және сайлауалды қоғамдық штабтың мүшелері қатысты.

Салтанатты ашылудан соң, қоғамдық қабылдау бөліміне өз мәселелерімен келген қала тұрғындары да аз болмады. Оларға бөлім қызметкерлері мәселелерінің шешілу жолдарын түсіндіріп, ақыл-кеңестерін беріп, қолдан келгенше көмек болатындығына сендірді.

Атап кететін жағдай, бұл ашылған қоғамдық қабылдау бөлімі сәуірдің 1-не дейін аптасына алты күн жұмыс істейді. Бөлімшеге қаланың кез келген тұрғыны өз мәселелері бойынша 3-75-18 телефонына хабарласып, мағлұмат ала алады.

Б.Қазкенов.

Комментарии закрыты.