Еңбек ұжымымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдау қоғамдық штабы жер-жерлерде мекеме, ұйым, кәсіпорындарда кездесу ұйымдастыруда. Соның бірі – Сәтбаев жылумен, сумен қамтамасыз ету кәсіпорнында болған ұжым еңбеккерлерімен кездесу.Жиынға Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сенімді өкілдері қатысты.

«Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Дәрібаев жиынды ашып, жүргізді.

Ж.Дәрібаев өз сөзінде «Елбасының кандидатурасын сайлауға ұсыну бұл – жалпыхалықтық бастама болып табылады. Партияның тарихи съезінің бұл шешімін біздің қаланың тұрғындары да қолдайтынына сенеміз» деді.

Одан кейін сөз кезегін Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың сенімді өкілі Зәмзәгүл Әбдікәрім –«Бүгінгі таңда қазақ елінің көшін бастап отырған кемеңгер тұлға Н.Ә.Назарбаевқа ел үшін әлі де аянбай еңбек етіп, жарқын болашақтың іргесін одан әрі нығайтуға мүмкіндік беріп, сайлауға біркісідей атсалысайық» деді. Кемел елдің кемеңгері Н.Ә.Назарбаевтың ел игілігі үшін жасаған еңбегін №1 мектеп-гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Света Кенжегозина, жылумен, сумен қамтамасыз ету кәсіпорынының қызметкері Сабыржан Тембаев тілге тиек етіп, сайлауда белсенділік танытып, Елбасын қолдауға шақырды.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.